Фукусимадағы ағынды сулар мұхитқа ағызыла бастады

«Токио электр энергетикалық компаниясы» (TEPCO) тақырыпқа қатысты мәлімдеме жасады.

2028540
Фукусимадағы ағынды сулар мұхитқа ағызыла бастады

Жапонияда 2011 жылы жер сілкінісінен кейін болған цунамиден зардап шеккен Фукусима Дай-ичи Атом электр станциясының (АЭС) радиоактивті қалдық суларын мұхитқа ағызыла бастағаны хабарланды.

Электр станциясының операторы «Токио электр энергетикалық компаниясы» (TEPCO) жасаған мәлімдемеде сұйылтылған радиоактивті ағынды суларын жер астынан теңізге дейін созылған 1 километрлік туннель арқылы шығарылғаны айтылды.

Бұрын жарияланған жоспар бойынша кәсіпорын бірінші кезеңде 17 күн ішінде мұхитқа 7800 тонна ағынды суды ағызады.

2024 жылдың наурыз айына дейін барлығы 31 мың 200 тонна радиоактивті қалдық суды ағызу жоспарлануда.

Екінші жағынан Қытай Фукусима Дай-ичи АЭС-нен радиоактивті ағынды суларды мұхитқа жіберілуін айыптады.

Қытай Сыртқы істер министрлігі жасаған мәлімдемесінде Жапон үкіметінің сын мен қарсылыққа қарамастан біржақты эвакуациялауы «жаһандық қоғамдық мүддені елемейтін өте менменшіл және жауапкерсіз әрекет» делінген.

Оңтүстік Кореяның премьер-министрі Хан Дак Су болса бүгін (24/08/2023) басталған және шамамен 30 жыл бойы жалғасатын Фукусима Дай-ичи Атом электр станциясының радиоактивті ағынды суларының ағуы туралы ақпаратты «ашық» жариялауға шақырды.

Жапония премьер-министрі Кисида Фумио 22 тамыз күні үкімет отырысынан кейін Фукусимадан радиоактивті ағынды суларды мұхитқа жіберу жұмыстарының 24 тамыз күні басталатынын мәлімдеді.

Халықаралық Атом энергиясы агенттігі жүргізген зерттеулерінен кейін 4 шілде күні электр станциясында жариялаған есебінде Жапонияның ағынды суларды ағызу жоспары қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келетінін білдірді.

2011 жылдың наурыз айында болған 9 балдық жер сілкінісінің салдарынан болған цунами Фукусима Дай-ичи АЭС-індегі 4 ядролық реактордың 3-еуін зақымдап, электр станциясының маңы радиоактивті ағынның салдарынан «эвакуация аймағы» деп жарияланған болатын.



Ұқсас жаңалықтар