Путин ресейлік қолбасшылармен бас қосты

Кремльден жасалған мәлімдемеге қарағанда Путин Ростов-на-Донудағы әскери штабқа барды.

2026765
Путин ресейлік қолбасшылармен бас қосты

Ресей президенті Владимир Путин Украина шекарасына жақын Ростов-на-Дону қаласындағы әскери штабқа барып, ондағы ресейлік қолбасшылардан ақпарат алды.

Ресей президенттік сарайы Кремльден жасалған мәлімдемеге қарағанда Путин Украинадағы «арнайы әскери операцияға» жауапты әскери топтың Ростов-на-Дону қаласындағы әскери штабына барды.

Путин осында кейбір ресейлік қолбасшылардан ақпарат алып жатқан кезде оған Ресей Бас штаб басқармасы төрағасы Валерий Герасимов та есеп берді.

Украина шекарасынан 100 шақырымдай жерде Ростов-на-Донуда Ресейдің Оңтүстік әскери округі армиясының штабы орналасқан.



Ұқсас жаңалықтар