Дибейбе қауіпсіздік пен тұрақтылыққа баса назар аударды

Ливияда тараптар қайтадан атысты тоқтатуға келісті.

2025724
Дибейбе қауіпсіздік пен тұрақтылыққа баса назар аударды

Ливия премьер-министрі Абдулхамид эд-Дибейбе елдегі қақтығыстардың қайта жандануын қабылдауға болмайтынын мәлімдеді.

Дибейбенің бас қала Триполидің кейбір мэрлер және көрнекті тұлғалармен кездесуінде жасаған мәлімдемесі әлеуметтік желідегі аккаунтынан жарияланды.

Ливиядағы қақтығыстардың қайта басталуын қабылдамайтындарын ескерткен Дибейбе елдің ешқандай жауапкерсіз басылатын қадамға бара алмайтынын тілге тиек етті.

Дибейбе қауіпсіздік және тұрақтылықтың жалғастырылуы үшін барлық қауіпсіздік бөлімшелерімен ынтымақтастықтың маңызына тоқталды.

Сондай-ақ әлеуметтік және қауіпсіздік күштерін біріктіруге, бұрынғы қақтығыстардың көріністерін жоюға және олардың тараптары мен себептеріне қарамастан ұқсас қақтығыстардың орын алуына жол бермеу үшін күш салу тақырыбында тараптар арасында келісім жасалды.

Ливия Қылмыс пен терроризмге қарсы күрес бөлімі «Рада» мен Ұлттық бірлік үкіметі жанындағы «444-шi бригада» арасында бас қала Айн-Зара аймағы мен елдің оңтүстігінде дүйсенбі күні қақтығыстар бастаған еді.

Екі күнге созылған қақтығыстың себебіне қатысты ресми мәлімдеме жасалмаса да, Ливия баспасөзінде қақтығыстың «Рада» тарапынан «444-ші бригада» командирі Махмуд Хамзаның тұтқындалуымен басталғаны туралы хабар шыққан болатын.

Ұлттық бірлік үкіметі кеше Махмуд Хамзаның босатылуының артынан атысты тоқтатудың қамтамасыз етілгенін жариялаған еді.

Ливиядағы атысты тоқтатуға дейін болған қақтығыстарда қаза тапқандар саны 55-ке ұласқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар