Пәкістанда тәуелсіздік күні шараларында 2 адам қаза тапты

Карачиде өткен іс-шаралар кезінде көпшілігі оқ тию салдарынан 80-нен астам адам жараланды.

2024733
Пәкістанда тәуелсіздік күні шараларында 2 адам қаза тапты

Пәкістан 1947 жылы 14 тамыз күні қол жеткізілген тәуелсіздіктің 76 жылдығына орай Карачиде өткен мерекелік іс-шараларда 2 адам қаза тауып, 80-нен астам адам жараланды.

«Geo News» телеарнасының хабарына қарағанда тәуелсіздіктің 76 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар Карачидің әртүрлі аймақтарында тойланды.

Мерекелік шаралар кезінде көптеген аймақтарда аспанға оқ ату салдарынан бірі әйел, барлығы 2 адам қаза тауып, 80-нен астам адам жараланды.

Лауазымдылар жаралылардың көпшілігіне оқ тигенін мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар