Эквадорда 4 мың қауіпсіздік қызметкері түрмеге басып кірді

Эквадор президенті Гильермо Лассо әлеуметтік желіден хабарлама жасады.

2024222
Эквадорда 4 мың қауіпсіздік қызметкері түрмеге басып кірді

Эквадорда президенттікке үміткер Фернандо Вильявисенсио қарулы шабуылда қаза тапқаннан кейін елдегі ең ірі «Лос Чонерос» бандысының басшысы отырған түрмеге 4 мың тәртіп сақшысы басып кірді.

Эквадор президенті Гильермо Ласфсо әлеуметтік желіден хабарлама жасап, қастандықтан кейін «Фито» деп танылған банда басшысы Адольфо Макиас жатқан түрмеге кеше жасалған басқында қару-жарақ, оқ-дәрілер және жарылғыш заттар тәркіленгенін хабарлады.

Хабарламада Лассо Макиастың болса қауіпсіздігі одан жоғары түрмеге ауыстырылғаны атап көрсетілді.

Вильявисенсионың әйелі Вероника Сарауз күйеуінің өліміне мемлекет кінәлі деп айыптады.

Сарауз «Жұбайымның өліміне мемлекет тікелей кінәлі, оны дұрыс қорғай алмады» деді.

Екінші жағынан Вильявисенсио өлтірілгеннен кейін 36 жасар Андреа Гонсалес Надер «Мовимиенто Конструйе партиясының» жаңа үміткері болды.

Эквадорда президенттік сайлауға үміткер Фернандо Вильявисенсио 9 тамыз күні қарулы шабуылға ұшырап қаза тапқан болатын.

Ішкі істер министрі Хуан Запата бұл шабуылды «20 тамыз күні сайлауға саботаж жасау үшін жасалған лаңкестік саяси қылмыс» деп атады.

Тергеу аясында 6 колумбиялық қастандыққа қатысы бар деген айыппен ұсталған болатын.



Ұқсас жаңалықтар