Ауғанстандағы бомбалы шабуылда 3 адам қаза тапты

Бомбалы шабуылда 7 адамның жарақат алғаны білдірілді.

2024374
Ауғанстандағы бомбалы шабуылда 3 адам қаза тапты

Ауғанстанның Хост уәлаятында бір қонақүйге бомбалы шабуыл жасалды.

Хост полициясы жасаған мәлімдемеде шабуылдың Хосттың орталығындағы Кари Задран деп аталатын қонақүйді ныанаға алғаны айтылды.

Алғашқы мәліметтерге қарағанда бомбалы шабуыл салдарынан 3 адам қаза тауып, 7 адам жараланды.

Куәгерлер шабуыл кезінде қонақүйде Пәкістан Талибаны мүшелері бар екенін білдірді.

Шабуылдың жауапкершілігін әзірге ешкім алған жоқ.



Ұқсас жаңалықтар