Нигерияда тарихи мешіт құлады

Заззау әмірлігінің 186 жылдық мешітінің құлауы салдарынан 10 адам қаза тапты.

2023767
Нигерияда тарихи мешіт құлады

Нигерияның Кадуна уәлаятына қарасты Заззау әмірлігінің 186 жылдық мешітінің құлауы салдарынан 10 адам қаза тапты.

Заззау әмірі Ахмад Нуху Бамалли жасаған мәлімдемеде тарихи мешіттің кеше түскі намаз кезінде құлағанын атап көрсетті.

Бамалли оқиғада 10 адамның қаза тауып, 7 адамның жараланғанын білдірді.

Жаралылардың ауруханаға жеткізілгенін айтқан Бамалли мешіттің құлау себебінің зерттелгенін мәлімдеді.

Заззау әмірлігі мешіті 1835-1837 жылдары арасында әмір Мұхаммед Белло тарапынан салғызылған болатын.



Ұқсас жаңалықтар