Індеттерге қарсы бірге дайындалады

Оңтүстік Корея Ұлттық жұқпалы аурулар институты АҚШ-тың Ұлттық Аллергия және Жұқпалы аурулар институтымен бірігіп клиникалық зерттеу бастады.

2023347
Індеттерге қарсы бірге дайындалады

Оңтүстік Корея мен Америка Құрама Штаттары (АҚШ) туындауы мүмкін індеттерге дайындалу үшін бірлесіп жұмыс істейді.

«Korea Biomedical Review» хабарына қарағанда, Оңтүстік Корея Ұлттық жұқпалы аурулар институты (NIID) ықтимал жұқпалы ауруларға дайындалу үшін АҚШ-тың Ұлттық Аллергия және Жұқпалы аурулар институтымен (NIAID) бірігіп клиникалық зерттеулерді бастағанын хабарлады.

«STRIVE» деп аталатын клиникалық сынақта алдымен коронавирустың жаңа түрінен (Ковид-19) емделушілерге арналған препарат пен иммуномодуляциялық препараттарды тексеру жоспарлануда.

Ықтимал эпидемияға дайындық үшін басталған «STRIVE» клиникалық сынақтарына жергілікті ауруханалар мен зерттеушілер қатыса алады.

«NIID» директоры Джан Хи Чанг «Біз «NIAID-пен» қатар жұқпалы ауруларды емдеудің жаңа әдістерін әзірлеу және пайда болған жұқпалы ауруларға жауап беру қабілетімізді нығайту үшін бүкіл әлемдегі ірі клиникалық зерттеу орталықтарымен жаһандық клиникалық сынақтардағы ынтымақтастығымызды жалғастырамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар