Жарылыстан кейін 12 адам табылмады

Оқиғаны  Ресей Тергеу комитеті тексеріп жатыр.

2022971
Жарылыстан кейін 12 адам табылмады

Ресейдің Мәскеу облысында оптикалық бұйымдар шығаратын зауытта кеше болған жарылыстан кейін 12 адамнан хабар жоқ.

Ресей Төтенше жағдайлар министрлігі жасаған мәлімдемеде Сергиев Посад қаласындағы Загорски оптикалық-механикалық зауытында болған жарылыстан кейін жұмыстардың жалғасып жатқаны айтылды.

Зауыт қирандыларындағы жұмыстарға қарамастан 12 адамның ізінің табылмағаны туралы ақпарат қамтылған мәлімдемеде қажетті тексеру жұмыстарының жалғасып жатқаны атап өтілді.

Жалпы 56 адам жарақат алған жарылыс қоймадағы жанғыш заттардың тұтануы салдарынан болған. Оқиғаны  Ресей Тергеу комитеті тексеріп жатыр.



Ұқсас жаңалықтар