Запорожьеде 2 адам қаза тапты

Украинаның Ішкі істер министрі Ресей шабуылында 2 адамның қаза тапқанын хабарлады.

2022641
Запорожьеде 2 адам қаза тапты

Украинаның Ішкі істер министрі Игорь Клименко Запорожье қаласына жасалған Ресей шабуылында 2 адамның қаза тапқанын хабарлады.

Клименко «Telegram» арнасындағы жазбасында Ресейдің Запорожьеге шабуыл ұйымдастырғанын мәлімдеді. Шабуыл салдарынан өрт шыққанын атап өткен Клименко өрт сөндірушілердің оқиға орнында жұмыстарын жалғастырып жатқанын білдірді.

«Запорожьедегі шабуылда 2 адам қаза тауып, 7 адам жарақат алды», - деді Клименко.

Украина президенті Владимир Зеленский шабуылға қатысты мәлімдемесінде Ресейдің «әскери қылмыс» жасағанын атап өтіп, «Ресейлік лаңкестерге сарбаздарымыз жауап береді» деді.



Ұқсас жаңалықтар