Пәкістандағы бомбалы шабуылда 7 адам қаза тапты

Белуджистанның Кеч аймағында азаматтық көлік өтіп бара жатқанда жолда бомба жарылды.

2021591
Пәкістандағы бомбалы шабуылда 7 адам қаза тапты

Пәкістанның Белуджистан уәлаятында жасалған бомбалы лаңкестік шабуылда араларында 1 саясат қайраткері бар барлығы 7 адам қаза тапты.

Ұлттық ақпарат құралдарына қарағанда Белуджистанның Кеч аймағында азаматтық көлік өтіп бара жатқанда жол жиегіне орнатылған қашықтан басқарылатын бомба жарылды.

Бомбалы шабуылда араларында Белуджистан Халық Партиясынан (БХП) Исхак Якуб да бар 7 адам қаза тапты.

Шабуылды әзірше ешкім мойындаған жоқ.

Солтүстік Везиристан аймағында таңғы уақытта жасалған бомбалы шабуылда болса ерлі-зайыпты екі бейбіт тұрғын қаза тапқан болатын.

Соңғы айларда елде, әсіресе Хайбер-Пахтунхва және Белуджистан уәлаяттарында лаңкестік әрекеттер көбейді.

Исламабад бұл шабуылдарды Ауғанстанда орналасқан Пәкістан Талибанының жоспарлап, басқарғанын болжауда, Ауғанстан болса мұны жоққа шығарады.



Ұқсас жаңалықтар