БҰҰ Ресейдің шабуылын айыптады

Шабуылда бір дәрігер қаза тапқан болатын.

2019108
БҰҰ Ресейдің шабуылын айыптады

БҰҰ Ресейдің Украинада бір ауруханаға шабуылын айыптады. Осы шабуылда қызметке жаңа бастаған бір дәрігер қаза тапты.

БҰҰ Бас хатшысының баспасөз мәлімдемешісі Фархан Хак күнделікті брифингте журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Хактың айтуынша БҰҰ Гуманитарлық көмек координаторы Денис Броун Украинаның Херсон қаласындағы бір ауруханада бір дәрігердің өлімі мен бес қызметкердің жаралануымен аяқталған «орыс бомбалауының қабылданбайтынын» айтты.

Броун соғыс салдарынан «өмірлері быт-шыт болған адамдарға өміршең маңызды қызмет көрсеткендердің де нысанаға алынғанын» айтты. Оның айтуынша ауруханада қаза тапқан дәрігер өз қызметінің бірінші күнінде шабуылға ұшырады.

Фархан Хак 2022 жылдың ақпанында басталған соғыстан бері Украинада медицина қызметіне қарсы мыңнан астам шабуыл жасалғанын білдірді.

Украина презденті Владимир Зеленский кеше орыс армиясының Кривий Риг және Херсон қалаларында тұрғын үй мен университет ғимаратын бомбалағанын,  өлі және жаралы азаматтар бар екенін білдірген болатын.



Ұқсас жаңалықтар