Франция Нигердегі азаматтарын эвакуациялауға дайындалуда

Франция төңкеріс пен елшілігіне жасалған шабуылдан кейін азаматтарын эвакуациялауға шешім қабылдады.

2018729
Франция Нигердегі азаматтарын эвакуациялауға дайындалуда

Франция Нигердегі төңкеріс пен елшілігіне жасалған шабуылдан кейін осы елдегі өз азаматтарын эвакуациялау туралы шешім қабылдады.

Елдің БАҚ-ның Нигердегі Франция елшілігіне сілтеме жасаған хабарына қарағанда Франция Нигерден өз азаматтарын эвакуациялауға дайындалуда.

Елшіліктің елдегі француз азаматтарына жолдауында Нигердегі қауіпсіздік жағдайының нашарлауына байланысты әуеден эвакуациялау жұмыстарының жоспарланғаны атап көрсетілді.

Француз баспасөзі бұл ақпаратты Сыртқы істер министрлігінің де растағанын хабарлады.

Екінші жағынан кеше түнде мемлекеттік телеарнаға телефон арқылы байланысқан Франция Сыртқы істер министрі Кэтрин Колонна Францияның бұл елге кез-келген әскери операция жоспары болып болмағаны туралы қойылған бір сұраққа «Мұндағы біздің бірінші міндетіміз – азаматтарымыздың қауіпсіздігі» деп жауап қайтарды.

Елисей сарайы да 30 шілде күні Ниамей елшілігіне бағытталған шерулерге қатысты өз елінің мүдделеріне немесе азаматтарына жасалған кез-келген шабуылға дереу және қатал жауап қайтаратынын жариялаған еді.

Нигердің бас қаласы Ниамейде 30 шілде күні Франция елшілігі алдында жиналған мыңдаған демонстрант елшілік ғимаратын нысанаға алып, материалдық шығын келтірген болатын.

Париж әкімшілігі елде 26 шілде күні болған әскери төңкерістен кейін бұл елге барлық қаржылық жәрдем мен бюджеттік қолдауды тоқтатқанын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар