Ресейдің шабуылы салдарынан 9 адам жарақат алды

Зеленский оқиға туралы «Зымыран көпқабатты үйге және Украина Қауіпсіздік қызметінің ғимаратына тиді».

2017546
Ресейдің шабуылы салдарынан 9 адам жарақат алды

Ресейдің Украинаның Днепр қаласына зымырандық шабуылынан 9 адам жарақат алды.

Украина Ішкі істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде Ресейдің Днепр қаласына зымыранмен шабуыл жасағаны айтылды.

Мәлімдемеде зымыранның бейбіт тұрғындар тұратын ғимаратқа тигені атап өтілді.

Мәлімдемеде «Шабуылдан 9 адам зардап шекті, олардың арасында 2 бала бар» делінді.

Украина Президенті Владимир Зеленский оқиға туралы «Зымыран көп қабатты үйге және Украина Қауіпсіздік қызметінің ғимаратына тиді. Бұл Ресейдің зымыранмен жасаған лаңкестік әрекеті. Біз Ресейді халқымызға жасаған шабуылы мен лаңкестік әрекеті үшін жазалауға бар күшімізді саламыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар