Антониу Гутерреш Ресейді айыптады

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш күн тәртіпке байланысты сұрақтарға жауап берді.

2017183
Антониу  Гутерреш Ресейді айыптады

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Бас хатшысы  Антониу Гутерреш Қаратеңіз астық дәлізі келісімінен шыққан Ресейдің 6 Африка  еліне тегін астық көмегін беретіні туралы мәлімдемесіне сілтеме жасап, «бір уыс садақа берумен» қиын жағдайды өзгерте алмайтынын айтты.

Гутерреш БҰҰ-да күн тәртіпке байланысты сұрақтарға жауап берді.

Ресейдің астық дәлізі келісімінен шығуына қатысты Гутерреш «Миллиондаған тонна астықтың нарықтан шығарылуы, экономикалық қағида бойынша Украина астығының халықаралық нарыққа қалыпты қол жетімділігімен салыстырғанда бағаның әлдеқайда жоғары өсуіне әкелетіні анық» деді.

Бас хатшы Ресейдің 6 Африка  еліне тегін астық көмегін беретіні туралы мәлімдемесіне сілтеме жасап «Сондықтан барлық адамға, әр жерге ықпалын тигізген жағдайды  бір уыс садақа берумен ретке салу мүмкін емес» деді.

Ресей президенті Владимир Путин кеше Санкт-Петербургте өткен Ресей-Африка саммитінің ашылуында Ресейдің ауылшаруашылық өнімдерінің экспортына салынған санкциялар себепті  батыс елдерін екіжүзділікпен айыптап, «Алдағы 3-4 айда біз Буркина-Фасо, Зимбабве, Мали, Сомали, Орталық Африка Республикасы және Эритреяға 25-50 мың тонна астықты тегін жөнелтуге дайын боламыз» деген еді.



Ұқсас жаңалықтар