Грекия орман өрттерімен күресіп жатыр

Түркиядан жіберілген ұшақтар Родос аралындағы өртті сөндіруде жұмыс істеп жатыр.

2016384
Грекия орман өрттерімен күресіп жатыр

Грекия әсіресе Родос аралында бірнеше күн бойы бақылауға алынбаған орман өрттерімен күресуде.

Грек баспасөзіндегі хабарға қарағанда аралдың Малонас, Ватио және Генадио аймақтарында жалын қайта көтеріліп, жаңа эвакуациялар  басталған.

Корфу аралында басталған өрт кеңейе түскен, алдын алу мақсатында аймақтағы кейбір елді мекендер бірнеше күннен бері қауіпсіз жерге көшірілген.

Апраос және Каламаки аймақтарындағы кейбір үйлер мен кәсіпорындар өртте зақымдалған.

Соныиен бірге Солтүстік Корфу әкімінің орынбасары Никос Музакитис Грекияның "ERT" радио және телевидение корпорациясына берген сұхбатында:

«Бір жерде кенеттен жалын пайда болып, көлік оқиға орнынан дереу кетті» деді.

Соңғы кездері мұндай оқиғаларды қадағалап отыру үшін «дайындықта» болғандарын айтқан Музакитис «Өрт қастандықпен қойылған болуы мүмкін» деді. 

Грекияның Климат дағдарысы және азаматтық қорғаныс министрі Василис Кикиляс соңғы 13 күнде елде 600-ден астам өрт шыққанын айтты.

Түркия, Израиль, Мысыр, Болгария, Италия, Мальта, Франция, Иордания, Польша, Румыния және Словакия Грекияда жалғасып жатқан орман өрттерін сөндіру мақсатымен көмек жіберді.

Түркиядан жіберілген ұшақтар Родос аралындағы өртті сөндіруде жұмыс істеп жатыр.



Ұқсас жаңалықтар