Сергей Шойгу Солтүстік Кореяға барады

Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу Солтүстік Корея Қорғаныс министрлігінің шақыруымен 25-27 шілдеде осы елге ресми сапармен барады.

2015901
Сергей Шойгу Солтүстік Кореяға барады

Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу делегациясымен Солтүстік Кореяға ресми сапармен барады.

Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде Шойгу бастаған ресейлік делегацияның Солтүстік Корея Қорғаныс министрлігінің шақыруымен 25-27 шілдеде осы елге баратыны және Корея халқының 1950-1953 жылдардағы Тәуелсіздік Отан соғысы жеңісінің 70 жылдығына арналған іс-шараларға қатысатыны хабарланды.

Мәлімдемеде:

«Бұл сапар Ресей-Солтүстік Корея әскери байланыстарын нығайтуға көмектеседі және екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам болады» деп көрсетілді.

 



Ұқсас жаңалықтар