АҚШ-та ауа райы шыжып барады

АҚШ-та дәрігерлер аптап ыстықтан жедел жәрдемге жүгінгендердің саны артқанын хабарлады.

2015484
АҚШ-та ауа райы шыжып барады

Америка Құрама Штаттарындағы (АҚШ) төтенше ыстық ауа райы бүкіл елге таралатыны межеленуде.

АҚШ-тағы Ұлттық Ауа райы басқармасы елдің батысында апта бойы жалғасып келе жатқан қауіпті аптап ыстық толқынының шығыс бөлігіне ауысатынын ескертті.

Дәрігерлер аптап ыстықтан жедел жәрдемге жүгінгендердің саны артқанын хабарлады. 

Ұлттық Ауа райы басқармасы қатты аптаптың елдің басқа штаттарына да таралуы мүмкін екенін хабарлады.

Мәлімдемеде Техас пен Флорида штаттарында, әсіресе АҚШ-тың батысында апта бойы жалғасып келе жатқан қауіпті аптап ыстық толқынының елдің шығыс бөлігіне де әсер етуі мүмкін екені ескертілді.

Ұлттық Мұхит және Атмосфера әкімшілігі мен АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары шамамен 78 миллион адам тұратын елдің кейбір аймақтарында қауіпті ыстық температурасы байқалуы мүмкін екендігі туралы дабыл жариялады.



Ұқсас жаңалықтар