Нигерияда белгісіз аурудан 5 адам қайтыс болды

10 адам ауруханаға жатқызылды.

2015336
Нигерияда белгісіз аурудан 5 адам қайтыс болды

Нигерияның Кадуна штатында «анықталмаған ауру» салдарынан 5 адам қайтыс болды.

Кадуна штатындағы «Сэр Патрик Якова» ауруханасының хатшысы Эзра Джошуа мәлімдеме жасап, штаттың Кафанчан аймағында анықталмаған ауру салдарынан 5 адамның қайтыс болғанын және 10 адамның ауруханаға жатқызылғанын айтты.

Джошуа қайтыс болған адамдардың өлім себебіне қатысты тексерудің жалғасып жатқанын айтып, ауруханаға жеткізілгендердің кейбірінің жөтеліп, құсып жатқанын білдірді.


Этикеттер: #Нигерия , #ауру

Ұқсас жаңалықтар