ЕО Иранға жаңа санкция режимін іске қосты

ЕО пилотсыз әуе көліктерінің құрылысында пайдаланатын бөлшектерді Иранға экспорттауға тыйым салды.

2014398
ЕО Иранға жаңа санкция режимін іске қосты

Еуроодақ (ЕО) пилотсыз әуе көліктерінің құрылысында пайдалануға болатын бөлшектерді Иранға экспорттауға тыйым салды.

Еуропалық кеңес жасаған мәлімдемеге қарағанда Украинадағы соғыста Ресейге қолдау берген Иранға қарсы жаңа «шектеуші шаралар» қабылданды.

Осы аяда пилотсыз әуе көлігі өндірісіне қажетті әртүрлі бөлшек пен материалды Еуроодақ елдерінен Иранға экспорттауға тыйым салынды.

Иранның пилотсыз әуе көлігі бағдарламасын қолдайтын немесе оған қосылатын жеке тұлғалардың саяхаттауына тыйым салу және активтерін бұғаттау сияқты шектеу шараларының алды ашылды.

ЕО сондай-ақ бұрынғы санкциялық режимдер аясында 6 Иран азаматына Ресей мен Сирия үкіметтеріне әскери қолдау көрсеткені себепті санкция салуға шешім қабылдады.



Ұқсас жаңалықтар