Израильдің Сирияға әуеден шабуыл жасағаны алға тартылды

Израильдің Сирия астанасы Дамаск төңірегіндегі кейбір әскери түйіндерге әуеден шабуыл жасағаны алға тартылды.

2013305
Израильдің Сирияға әуеден шабуыл жасағаны алға тартылды

Сирияның «SANA» ақпарат агенттігінің әскери дереккөздерге сүйеніп берген хабарында Израиль күштерінің жергілікті уақытпен сағат 00:25-те Голан төбелерінен жасаған әуе шабуылымен Дамаск төңірегіндегі кейбір әскери түйіндердің нысанаға алынғаны айтылды.

Жаңалықтарда «Біздің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері жаудың зымырандарына тойтарыс беріп, олардың көпшілігін атып түсірді. Екі сарбаз жеңіл жарақат алды» делінді.

2011 жылы азаматтық соғыс басталғаннан бері Израиль Иран қолдайтын топтар мен Сирия армиясына тиесілі әскери түйіндерге шабуылдар жасап келеді.



Ұқсас жаңалықтар