Ресей-Украина соғысында соңғы жағдай

Қырымға түнде жасалған 28 ұшқышсыз ұшақ шабуылының алды алғаны хабарланды.

2012984
Ресей-Украина соғысында соңғы жағдай

Украинаның оңтүстік операциялық қолбасшылығы орыстардың Украинаның оңтүстігіндегі зымыран мен ұшқышсыз әуе аппаратының шабуылы салдарынан Одесса облысындағы порттың зақымдалғанын хабарлады.

Қолбасшылық Ресей армиясының кеше түнде Украинаның оңтүстік аймақтарына шабуыл жасағанын хабарлады. Қаратеңізден Одессаға 6 «Калибр» зымыраны ұшырылғаны» хабарлаған қолбасшылық «Барлық зымырандар әуе қорғаныс күштері тарапынан жойылды. Одесса облысында 21 «Шахид» ұшқышсыз ұшақ атып түсірілді» деп білдірді.

Жарылыс толқыны мен зымырандардың бөлшектерінің құлауы нәтижесінде порт инфрақұрылымы мен көптеген үй зақымдалған. Жарақат алған бір адам ауруханаға жеткізілген.

Ресей Қорғаныс министрлігі болса Украинаның Одесса және Николаев қалаларында Ресейге қарсы «террорлық әрекеттер дайындалып жатқан» нысандарға жоғары дәлдіктегі зымырандармен жауап шабуыл жасағалнын хабарлады. Министрлік жоспарланған барлық мақсаттарға қол жеткізілгенін білдірді.  

Басқа жақтан Қырымға түнде жасалған 28 ұшқышсыз ұшақ шабуылының алды алғаны хабарланды.

Ресей Қорғаныс министрлігі ұшқышсыз ұшақтардың нысанасына жете алмай атып түсірілгенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар