Ресей астық келісімін тоқтатты

Песков бүгін аяқталатын Украина мен Ресейден астық жөнелту үшін жүзеге асырылған Қаратеңіз астық дәлізі келісімі туралы ақпарат берді.

2012376
Ресей астық келісімін тоқтатты

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Қаратеңіз астық дәлізі келісімінің тоқтатылғанын және тиісті шарттар орындалғанда ғана Ресейдің келісімге оралатынын мәлімдеді.

Песков бүгін аяқталатын Украина мен Ресейден астық жөнелту үшін жүзеге асырылған Қаратеңіз астық дәлізі келісімі туралы ақпарат берді.

Келісімнің 17 шілдеде аяқталғанына назар аударған Песков «Астық дәлізі келісімі шын мәнінде аяқталды, ол тоқтатылды. Ресей тиісті шарттар орындалғаннан кейін дереу астық келісіміне қайта оралады. Келісімнің Ресейге қатысты баптары орындалмады» деді.

Келісімнің тоқтатылуының Қырым көпіріне жасалған шабуылмен ешқандай байланысы жоқ екеніне назар аударған Песков келісім орындалмаған жағдайда мұндай шешімнің тоқтатылатынын Ресей президенті Владимир Путиннің бірнеше рет айтқанын еске салды.



Ұқсас жаңалықтар