Путин «Россия 24» арнасына мәлімдеме жасады

Путин Украинаның НАТО-ға мүшелігінің бұл елдің қауіпсіздігін арттырмайтынын білдірді.

2011157
Путин «Россия 24» арнасына мәлімдеме жасады

Ресей президенті Владимир Путин Украинаның НАТО-ға мүшелігінің бұл елдің қауіпсіздігін арттырмайтынын білдірді.

«Россия 24» мемлекеттік арнасына жасаған мәлімдемесінде Путин Украинаға жеткізілген алыс қашықтыққа ұшатын зымырандардың зиян келтіргенмен, майданда маңызды бір өзгеріс тудырмағанын атап «Шетелдік танктер мен жаяу әскерлердің жауынгерлік техникалары да солай. Кеше түнгі уақыттан бастап, тек 4 шілде күнінен бері 311 танкті жойдық, менің ойымша олардың едәуір бөлігі кем дегенде үштен бірі батыстық «Леопард» танктері» деді.

Путин жаңа қару-жарақ жөнелтілімдерінің Украинадағы жағдайды тек шиеленістіріп, қақтығысты ушықтыратынын атап өтті.

Украинаның НАТО-ға мүше болуының Ресейдің қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін атап көрсеткен Путин «Бұл (НАТО-ға қатысу) Украинаның қауіпсіздігін арттырмайтынын және жалпы әлемді әлдеқайда қорғаныссыз қалдыратындықтан және халықаралық аренада қосымша шиеленіс тудыратынына сенімдімін» деді.

Украинаның өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету құқығы бар екенін айтқан Путин «Бір ғана шектеу бар. Бір елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, екінші елдің қауіпсіздігіне нұқсан келтірмеу керек» деді.

Украина астығы экспортын қамтамасыз ету үшін қол қойылған астық келісіміндегі шарттардың орындалмай жатқанына назар аударған орыс басшы «Егер барша бізге берген уәденің толық орындалатынын қайталап жатса, сонда орындасын. Біз бұл келісімге бірден қосыламыз. Алдымен ұзарту, содан кейін уәделерді орындау әдісі Ресей үшін енді жарамсыз» деді.

Путин Біріккен Ұлттар Ұйымының Ресейге жібергені хабарланған хатты әлі көрмегенін, келісімге әлі санаулы күндер бар екенін және не істеу керектігін қарастыратындарын айтты.



Ұқсас жаңалықтар