Кувейт швед тілінде 100 мың Құран кітапты басып таратады

Кувейт ресми агенттігі «KUNA» тақырыппен байланысты хабар таратты.

2009599
Кувейт швед тілінде 100 мың Құран кітапты басып таратады

Кувейт үкіметі Швецияда тарату мақсатты Құран кітаптың 100 мың данасын швед тілінде басып шығару туралы шешім қабылдады.

Кувейт ресми агенттігі «KUNA»-да жарияланған хабарда, Министрлер кеңесінің апталық отырысында швед халқына Исламның толеранттық діні екенін растау мақсатты қасиетті Құран кітапты осы елде тарату туралы шешім қабылданғаны айтылды.

Кувейт Премьер-министр шейх Ахмед Наваф әл-Ахмед эс-Сабахтың тапсырмасы бойынша швед тілінде 100 мың Құран кітап басып шығарылады.

Кувейт Сыртқы істер министрлігімен келісе отырып, Құранның Швецияда мейірімділік пен төзімділік атмосферасында таратылатыны баса айтылған хабарда бұл жұмыспен Исламның құндылықтары мен қағидаларына қоса адамдардың бірге өмір сүруі туралы болымды хабарлама жасалатыны атап көрсетілді.

Швецияның бас қаласы Стокгольмде 28 маусым күні Стокгольм мешіті алдында ирактық Салван Момика полицияның қорғауымен Құранды өртеп жіберген еді.

Оқиға Түркиядан бастап халықаралық қоғамда үлкен наразылық тудырған болатын.



Ұқсас жаңалықтар