Ұлыбритания үкіметі мен "BioNTech келісті

Ұлыбритания үкіметі мен "BioNTech" 2030 жылға дейін 10 мың науқасқа жаңа қатерлі ісікке қарсы вакциналарды сынау туралы келісімге қол қойғаны хабарланды.

2008020
Ұлыбритания үкіметі мен "BioNTech келісті

Ұлыбритания үкіметі мен неміс биотехнологиялық компаниясы "BioNTech" қатерлі ісікке қарсы жаңа вакцина сынақтары туралы келісімге қол қойды.

Премьер-министрдің № 10 кеңсесі мәлімдемесінде Ұлыбритания үкіметі мен "BioNTech" 2030 жылға дейін 10 мың науқасқа жаңа қатерлі ісікке қарсы вакциналарды сынау туралы келісімге қол қойғаны хабарланды.

Мәлімдемеде онкологиялық ауруға қарсы вакцина сынақтарына қатысу мүмкіндігі берілетін онкологиялық науқастардан деректер базасы жасалатыны және зерттеудің ерте және кеш кезеңдегі науқастарға көмектесуді мақсат ететіні, вакциналар сәтті болған жағдайда стандартты емдеудің бір бөлігі болатыны атап көрсетілді.

Мәлімдемеде бағалауларына орын берілген Ұлыбритания Денсаулық сақтау министрі Стив Барклай бұл серіктестіктің «қатерлі ісік ауруымен күресте жасалған үлкен қадам» екенін айтты.

"BioNTech" компаниясының бас директоры және негізін қалаушы Угур Шахин:

«Егер зерттеу сәтті болса, бұл ынтымақтастық Ұлыбританияда ғана емес, бүкіл әлемде онкологиялық науқастарды емдеуге мүмкіндік береді» деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар