О.Корея Ұшқышсыз әуе көлігін жою жүйесін сатып алмақ

Оңтүстік Кореяның Қорғаныстық сатып алу бағдарламасы агенттігі Ұшқышсыз әуе көліктерінің ықтимал шабуылдарына қарсы 37.2 миллион долларлық сатып алу жобасын жариялады.

2007918
О.Корея Ұшқышсыз әуе көлігін жою жүйесін сатып алмақ

Оңтүстік Корея маңызды әскери нысандар мен үкіметтік ғимараттардың қауіпсіздігі үшін интеграцияланған Ұшқышсыз әуе көлігін жою жүйесін сатып алуды жоспарлап отыр.

Оңтүстік Кореяның Қорғаныстық сатып алу бағдарламасы агенттігі (DAPA) өзінің веб-сайтында Ұшқышсыз әуе көліктерінің ықтимал шабуылдарына қарсы 37.2 миллион долларлық сатып алу жобасын жариялады.

Солтүстік Кореяның Ұшқышсыз әуе көліктеріне қарсы қорғаныс қабілетін жақсартуды мақсат еткен Қорғаныстық сатып алу бағдарламасы агенттігі әуе, құрлық және теңіз күштері пайдаланатын интеграцияланған Ұшқышсыз әуе көлігін жою жүйесін тендер арқылы жергілікті компаниялардан сатып алуды жоспарлап отыр.

Жүйе шағын көлемді Ұшқышсыз әуе көліктерін анықтап, сигналдарын бұрмалау арқылы оларды жоюды жосаарлауда.

Қорғаныстық сатып алу бағдарламасы агенттігі өкілі Чой Кён Хо баспасөз мәлімдемесінде интеграцияланған Ұшқышсыз әуе көлігін жою жүйесінің уақытында сатып алынуын қамтамасыз ету үшін бар күш-жігерін салатынын айтты.

Оңтүстік Корея желтоқсан айында әуе кеңістігіне заңсыз кірген Солтүстік Кореяның Ұшқышсыз әуе көліктеріне ескерту ретінде оқ атқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар