Германия Румынияға әскер жібермейді

Неміс үкіметінің Румынияға әскер орналастыру жоспары жоқ екені хабарланды.

2007524
Германия Румынияға әскер жібермейді

Неміс үкіметінің НАТО құрамында Румынияға әскер орналастыру жоспары жоқ екені хабарланды.

Германия Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы Михаэль Штемпфл ел астанасы Берлинде өткен баспасөз мәслихатында елінің НАТО аясында Литвамен, Францияның Румыниямен ынтымақтастықта екенін атап өтті.

Штемпфл осы себепті Германия үкіметі Румынияға әскер жіберуге міндетті емес деп есептейтінін мәлімдеді.

Кеше Германия канцлері Олаф Шольцпен кездесуінен кейін өткен баспасөз мәслихатында Румыния премьер-министрі Чиолаку НАТО-ның шығыс қанатын нығайту аясында неміс әскерлерінің өз елінде тұрақты орналастырылатынына үміт білдірген болатын.



Ұқсас жаңалықтар