АҚШ-тағы қарулы шабуылдан 15 адам қаза тапты

Балтимор қаласында 2 шілдеде ұйымдастырылған қарулы шабуылдан екі адам қаза тапты.

2007835
АҚШ-тағы қарулы шабуылдан 15 адам қаза тапты

Америка Құрама Штаттарында 4 шілде Тәуелсіздік күнін тойлау аптасында түрлі штаттарда орын алған көптеген қарулы шабуылдардан барлығы 15 адам қаза тапты.

Балтимор қаласында 2 шілдеде ұйымдастырылған қарулы шабуылдан екі адам қаза тауып, 28 адам жараланды.

Филадельфия штатында 3 шілдеде болған қарулы шабуылда 5 адам қаза тауып, 2 және 13 жастағы 2 бала жараланды.

Техас штатындағы Форт-Уэрт қаласының оңтүстік-батысындағы Комо ауданында 4 шілдеде фестиваль қатысушыларын нысанаға алған қарулы шабуылда 3 адам қаза тауып, 8 адам жараланды.

Флорида штатында дәл сол күні Тампа-Бэй шатқалында жиналған екі топ арасындағы кикілжің нәтижесінде 7 жасар бала оққа ұшты.



Ұқсас жаңалықтар