Ресейдің Украинаға шабуылы жалғасуда

Ресей Украинаның Краматорск қаласына шабуыл жасады.

2005278
Ресейдің Украинаға шабуылы жалғасуда

Кеше Ресей Украинаның Краматорск қаласындағы бір азық-түлік нысанына зымыранмен шабуыл жасады. Шабуылда 8 адам қаза тауып, 56 адам жараланды.

Украина Ішкі істер министрлігінің әлеуметтік медиа аккаунтынан жасалған мәлімдемеде Ресей армиясының кеше Донецк облысындағы Краматорск қаласына зымырандық шабуыл жасағаны атап көрсетілді.

Мәлімдемеде Краматорск қаласының орталығындағы азық-түлік нысанына зымыран түскені айтылған.

Мәлімдемеде «Таңғы уақыттарда  8 адам ажал құшты және  56 адам  жарақат алды» делінді.

Мәлімдемеде оқиға орнында іздеу-құтқару жұмыстарының жалғасып жатқаны және қирандылар астында адамдардың болуы мүмкін екені білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар