Энтони Блинкен мен Антониу Гутерреш сөйлесті

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутеррешпен Қаратеңіз Астық дәлізі келісімі туралы телефонда сөйлесті.

2003577
Энтони Блинкен мен Антониу Гутерреш сөйлесті

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас хатшысы Антониу Гутеррешпен Ресейдің келесі айда аяқталатын Қаратеңіз Астық дәлізі келісімінен шығу мүмкіндігі туралы телефон арқылы сөйлесті.

Мемлекеттік департаменттің баспасөз хатшысы Мэттью Миллер жазбаша мәлімдемесінде:

«Блинкен БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутеррешпен Ресейдің Қаратеңіздегі астық бастамасын 17 шілдеге дейін ұзартпау туралы мәлімдемелеріне байланысты кеңесті» деп көрсетілді.

Мәлімдемеде екі жақтың келісімнің жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі үшін маңыздылығы және оның тоқтатылуының даму жолындағы елдердегі азық-түлік импорттаушыларғанашар әсер ететіні  туралы келіскені білдірілді.

2022 жылдың 24 ақпанында Ресейдің Украинаға жасаған шабуылының әлемдік азық-түлік бағасына жасаған әсерін азайту үшін БҰҰ, Ресей Федерациясы, Түркия және Украина 2022 жылдың 22 шілдесінде Стамбулда өткен рәсімде Қаратеңіз Астық дәлізі туралы келісімге қол қойды.

2022 жылдың 19 қарашасынан бастап 120 күнге ұзартылған келісімді 18 наурызда қайтадан ұзарту туралы шешім қабылданған болатын.

Ресей лауазымдылары 17 шілдеде аяқталатын келісімді ұзарту мүмкіндігінің жоқ екенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар