"Швецияның НАТО-ға мүшелігінде белгісіздіктер бар"

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Швецияның НАТО-ға мүшелігіне байланысты Түркияның алаңдарына тоқталды.

2002608
"Швецияның НАТО-ға мүшелігінде белгісіздіктер бар"

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Швецияның НАТО-ға мүшелігіне қатысты әлі де белгісіздік бар екенін мәлімдеді.

Столтенберг неміс "Tagesspiegel" газетіне мәлімдеме жасады.

Швецияның НАТО-ға мүшелік процесіне тоқталған Столтенберг:

"11-12 шілде арасында Литва астанасы Вильнюс қаласында өтетін НАТО саммитінде Швецияның үстелге отыруы әбден мүмкін. Дегенмен әлі де белгісіздік бар. Мен бұл туралы жақында сөйлескен Президент Режеп Тайып Ердоған Швеция астанасы Стокгольмде Түркияның террорисзмге қарсы талаптарында қол жеткізілген ілгерлеушілікті қабылдады. Алайда біз бір жыл бұрын Финляндия мен Швеция НАТО-ға қосылуға шақырылған кезде келіскен жағдайлардың орындалғанын көргіміз келеді» деді.

Швецияның НАТО мүшесі болуын күтетінін білдірген Столтенберг:

«Барлық мүше мемлекеттер солтүстік қанатты нығайту үшін соңғы ресми қадамды тезірек жасауға мүдделі» деді.



Ұқсас жаңалықтар