Израильдің Дженинге шабуылында 6 кісі қаза тапты

Палестина Денсаулық сақтау министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда Джениндегі шабуылда ауыр жарақат алған Эмед Абу Каас қайтыс болды.

2002119
Израильдің Дженинге шабуылында 6 кісі қаза тапты

Израильдің басып алынған Батыс Шерияның солтүстігінде орналасқан Дженин қаласында жасаған шабуылында қаза тапқан палестиналықтардың саны 6 адамға жетті.

Палестина Денсаулық сақтау министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда Джениндегі шабуылда ауыр жарақат алған 48 жастағы Эмед Абу Каас қайтыс болды.

Әбу Кааспен бірге Израиль күштері кеше Дженинге жасаған шабуылда қаза тапқан палестиналықтардың саны 6-ға жетті.

26 қаңтарда Дженинде израильдік әскерлердің дәл осындай шабуылынан Эмед Абу Каастың 22 жастағы ұлы Васим Абу Каас да қаза тапты.

Израиль армиясының басып алынған Батыс Шерияның солтүстігінде орналасқан Дженин қаласына 19 маусымда «Апачи» типті тікұшақпен жасаған шабуылдарында арасында бір бала бар 5 палестиналық қаза тауып, 66 палестиналық жарақат алды. Қақтығыста 7 Израиль әскері де жараланды.



Ұқсас жаңалықтар