Үндістанда шыжыған ыстық жан алды

Дәрігерлер соңғы 2 күнде Уттар-Прадеш пен Бихарда 46 адам қаза тапқан ыстық ауа райына байланысты 60 жастан асқандардың көшеге шықпауы керектігін ескертуде.

2001159
Үндістанда шыжыған ыстық жан алды

Үндістанның солтүстігі мен шығысындағы ыстық ауа райы салдарынан 2 күнде 46 адам қаза тапты.

Үндістанның Метеорологиялық Басқармасы Уттар-Прадеш уәлаятының Баллия аймағында ауа температурасы маусымдық қалыпты ыстықтан асып, 42.2 градусқа дейін көтерілгенін хабарлады.

Дәрігерлер соңғы 2 күнде Уттар-Прадеште 34, Бихарда 12, жалпы 46 адам қаза тапқан ыстық ауа райына байланысты 60 жастан асқандардың көшеге шықпауы керектігін ескертуде.

Уттар-Прадеште қайтыс болғандардың жасы 60-тан асқаны және аптап ыстық олардың бар ауруларын асқындырғаны жайлы ескерту жасалды.



Ұқсас жаңалықтар