"Террор ұйымы Еуропада үгіт-насихатын жалғастыруда"

Бұл туралы "Europol" есебінде айтылған.

1999985
"Террор ұйымы Еуропада үгіт-насихатын жалғастыруда"

Еуропа Одағының полиция қызметі «Europol» мәліметі бойынша сепаратистік террор ұйымы PKK Еуропада үгіт-насихат үшін ақша жинауды жалғастыруда.

«Europol» қызметінің жыл сайын жарияланатын «Еуропа Одағының (ЕО) терроризм жағдайы және тренд 2023 есебінде» террор ұйымы PKK-ның Еуропада өте белсенді екендігі және ЕО-ға мүше елдерді терроризм үшін әкімшілік, жұмыспен қамту және қаржыландыру мақсаттарында база ретінде пайдаланғаны атап көрсетілді.

Хабарда Еуропадағы шектен шыққан солшыл азаматтардың қақтығыс аймақтарында террор ұйымы PKK-ға қосылғаны атап көрсетілді. «Террор ұйымы қатарында соғысқаннан кейін елге оралған бұл адамдар Еуроодаққа мүше елдерге қауіп төндіреді» делінген есепте.

Есепте айтылғандай, PKK террор ұйымы Еуроодақтағы әсіре солшыл ұйымдар және анархист топтармен жақын қарым-қатынаста. Осы қарым-қатынастар аясында Сирияда YPG террор ұйымы элементтері орналасқан аймақтарда шектен шыққан солшыл және анархист топтарға қарулы жаттығулар берілгені атап өтілді.

YPG-ні Түркияның PKK-ның жалғасы ретінде қабылдайтыны да бас аайтылды. Есепте айтылған бойынша  террор ұйымы Еуроодақта жинаған ақшаны Сириядағы YPG содырларына қолдау көрсету үшін қолданып отыр.

Сонымен бірге террор ұйымы Еуроодақ ішінде есірткі саудасы мен контрабанда арқылы табыс тауып отыр.



Ұқсас жаңалықтар