Столтенберг АҚШ-ға алғыс айтты

Йенс Столтенберг Энтони Блинкенмен кездесті.

1999356
Столтенберг АҚШ-ға алғыс айтты

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Америка Құрама Штаттарына (АҚШ) Украинаға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.

Йенс Столтенберг ресми сапары аясында Вашингтонға барып,  Мемлекеттік хатшы Энтони Блинкенмен кездесті.

НАТО Бас хатшысы АҚШ-қа альянс пен Украинаға көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтып, еуропалық одақтастардың Украинаға миллиардтаған долларлық экономикалық және әскери қолдау көрсетіп жатқанын атап өтті.

Столтенберг Ресеймен соғысып жатқан Украинаға берілген қолдаудың соғыста өзгеріске себеп болғанын және Киевтің майданда алға жылжығанын атап көрсетті.

«Украина неғұрлым көп аумақты азат етсе, оның келіссөз үстеліндегі мүмкіндігі соғұрлым күшейеді және Ресей президенті Путин бұл қақтығыс пен агрессивті соғыста жеңіске жете алмайтынын түсінеді» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар