Энтони Блинкен мен Чин Ганг телефонда сөйлесті

Қытай Сыртқы істер министрі Чин Ганг Вашингтонды бәсекелестік үшін Қытайдың негізгі мүдделері мен қауіпсіздігіне зиян келтірмеу керектігі жайлы ескертті.

1999471
Энтони Блинкен мен Чин Ганг телефонда сөйлесті

Қытай Сыртқы істер министрі Чин Ганг америкалық әріптесі Энтони Блинкенмен телефон арқылы сөйлескен кезде Вашингтонды бәсекелестік үшін Қытайдың негізгі мүдделері мен қауіпсіздігіне зиян келтірмеу керектігі жайлы ескертті.

Ұлттық баспасөзде жарияланған хабарларға қарағанда Чин Ганг екі ел арасындағы биіктік шарының салдарынан туындаған дағдарысқа байланысты кешіктірген Бейжіңге жоспарланған сапарын осы апта жасауы күтілген Блинкеннің талабына сай телефон арқылы сөйлесті.

Министр Чин Ганг телефондағы әңгімеде Қытай-Америка қарым-қатынастарының негізгі мәселелеріне қатысты ұстанымын қайталап, «АҚШ Қытайдың ішкі істеріне араласуды доғарып, бәсекелестік жолында оның егемендік қауіпсіздігі мен даму мүдделеріне зиян келтіруді тоқтатуы керек» деп көрсетті.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қытайдың биіктік шары Америка әуе кеңістігіне кіруі себепті ттуылған  дағдарысқа байланысты ақпан айында Қытайға жоспарланған сапарын тоқтатқан болатын.

Блинкен мен Чин Ганг дағдарысқа байланысты дипломатиялық байланыстары үзілгеннен кейін алғаш рет тікелей сөйлесті.



Ұқсас жаңалықтар