Сирияда тікұшақ апаты

АҚШ сарбаздары жарақат алды.

1998934
Сирияда тікұшақ апаты

Сирияның солтүстік-шығысында себебі әлі анықталмаған бір тікұшақ апаты болды.  Оқиғада  22 америкалық сарбаздың жараланғаны жарияланды.

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Орталық қолбасшылығынан (CENTCOM) жасалған жазбаша мәлімдемеде 11 маусым күні Сирияның солтүстік-шығысында тікұшақтың құлауы салдарынан 22 АҚШ әскерінің әртүрлі дәрежеде жарақат алғаны атап көрсетілді.

Жарақат алған сарбаздарға медициналық көмек көрсетілді. Әскерлердің онының қолбасшылық тысындағы емдеу орталықтарына  жеткізілгені атап өтілді.

Оқиғаның себебіне қатысты тергеу жүріп жатыр. Ал  тікұшақтың ешқандай «жау атқылауы» нәтижесінде құламағаны айтылды.

Оқиға туралы қосымша ақпарат берілмеді.



Ұқсас жаңалықтар