Орыс ұшағы құлады

Бұл туралы Украина Бас штабы мәлімдеді.

1989198
Орыс ұшағы құлады

Украина Бас штабы кеше Ресейдің Су-35 ұшағының Херсон облысына құлағанын хабарлады.

Бас штабтың әлеуметтік медиа парақшасынан Ресейдің кеше түнде Украинаның Днепр қаласындағы әскери және инфрақұрылым нысандарына ұшқышсыз ұшатын аппарат және зымырандық шабуыл жасағаны білдірілді.

Мәлімдемеде шабуылдардың әртүрлі типтегі 16 зымыран мен 20 «Шахид-136/131» ұшқышсыз ұшақтарымен жасалғаны, 4 қанатты зымыран мен ұшқышсыз ұшақтардың барлығының жойылғаны атап көрсетілді.

Сондай-ақ мәлімдемеде «Кешкі уақытта Ресейдің Су-35 ұшағы Херсон аймағында Украинаның аумақтық суларына құлады. Ұшақ апатының себебі анықталуда» деп айтылды.



Ұқсас жаңалықтар