"Украинаға беретін ұшақ жеткіліксіз"

Дуда ЕК саммитінде сөз сөйледі.

1987676
"Украинаға беретін ұшақ жеткіліксіз"

Польша президенті Анджей Дуда Польшаның Украинаға беретін F-16 ұшағы жеткіліксіз екенін айтты.

Польшаның «PAP» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Дуда Исландияның астанасы Рейкьявикте ұйымдастырылған Еуропалық Кеңес саммитінде сөйлеген сөзінде Польшаның шығыстағы көршісі Украинаға әскери қолдауын жалғастыратынын баса айтты.

Дуда Украинаға F-16 соғыс ұшақтарын сатып алу үшін халықаралық коалиция құрылса, Польшаның украиндық ұшқыштарды оқытуға дайын екенін мәлімдеді. «Польшаның қолындағы F-16 ұшақтарының саны Украинаға беру үшін жеткіліксіз» деді ол.

Польша қазірдің өзінде Украинаға 8 дана МиГ-29 жойғыш ұшағын берді және тағы 6 ұшақ береді.



Ұқсас жаңалықтар