Біріккен Ұлттар Ұйымына жаңа реформа қажет

БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-шы сессиясы аясында G20 Сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті.

2191846
Біріккен Ұлттар Ұйымына жаңа реформа қажет

   Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Қауіпсіздік Кеңесіндегі әділетсіз құрылымды бірнеше рет сынаған Президент Режеп Тайып Ердоғанның «Әлем бестен үлкен» деген сөзіне жауап берілді. 

    Еуропалық Одақтың (ЕО) Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Жозеп Боррелль БҰҰ-дағы реформалар туралы үндеулерді қолдады. Жозеп Боррелль БҰҰ Бас Ассамблеясының 79-шы сессиясы аясында өткен G20 Сыртқы істер министрлерінің кездесуінде сөз сөйледі. ЕО-ның БҰҰ шараларын арттыру үшін реформа жүргізуге шақыруды қолдайтынын мәлімдеген Боррелль: «Бұл реформа заң үстемдігіне, гуманитарлық қағидаттарға, адам құқықтары мен барлық адамдардың қадір-қасиетін қорғауға деген адалдығымызды көрсетуі керек» деді.

    Реформаға сәйкес өкілдік және есеп беру, қаржылық мәселелер мен жаһандық экономикалық ыдырауды тоқтату сияқты негізгі үш мәселеге назар аудару қажет екенін айтқан Боррелль «Аз өкілдік ететін аймақтардың белсенділігін арттыратын  БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне қажеттілік бар» деп атап көрсетті.
    G20 Сыртқы істер министрлерінің кездесуінде реформа мәселесі жиі көтерілді. Кездесуге қатысқан Жапония Сыртқы істер министрінің аға орынбасары Акахори Такеши БҰҰ-дағы реформаға назар аударды. Такеши БҰҰ жүйесінде заң үстемдігін күшейтіп, халықаралық қауымдастықтағы құрылымдық өзгерістерді ескере отырып шұғыл реформалар жасау керектігін мәлімдеді.

    Индонезия Сыртқы істер министрі Ретно Марсуди Палестинадағы гуманитарлық жағдайды еске салып, БҰҰ жүйесінің бұл қиындықтарға жауап бере алмайтынын баса айтты. БҰҰ-да реформа жасауға шақырды.

    Үндістан Сыртқы істер министрі Субрахманям Джайшанкар БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде реформа міндетті екенін атап өтті.

    Оңтүстік Кореяның Сыртқы істер министрі Чо Тэ Юл да жалғасып жатқан Ресей-Украина соғысы мен Израильдің Газаға шабуылдарына назар аударып, БҰҰ-да реформа жүргізуге шақырды.

    Австралияның Сыртқы істер министрі Пенни Вонг БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі бүгінгі қиындықтарға төтеп беру үшін қайта құрылу қажет екенін айтты.

    Бразилия Президенті Лула да Силва да БҰҰ-ның қазіргі жүйесін сынға алды. «Жүйе бұдан былай жаһандық мәселелерге лайықты жауап бере алмайды. БҰҰ жүйесінің әділ болуы үшін реформалануы керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар