ЕО Украинаға тағы жәрдем береді

Еуропалық Одақ Украинаға оқ-дәрі беру үшін 1 миллиард еуро көлемінде шара қабылдағанын хабарлады.

1983346
ЕО Украинаға тағы жәрдем береді

Еуропалық Одақ (ЕО) «Еуропалық Бейбітшілік Қоры» деп аталатын қаржы құралы аясында Украинаға оқ-дәрі беру үшін 1 миллиард еуро көлемінде шара қабылдағанын хабарлады.

Осылайша, Украина армиясына 155 мм артиллериялық снарядтарды жеткізу және талап етілсе, Еуропалық қорғаныс өнеркәсібінен Еуроодақ елдері бірлесіп қаржыландырылатын болады.

Еуропалық кеңестің жазбаша мәлімдемесіне қарағанда оқ-дәрі мен зымырандарды ортақ жеткізу ЕО немесе Норвегияда орналасқан экономикалық операторлар арқылы жүзеге асырылады.

ЕО немесе Норвегияда оқ-дәрілер мен зымырандарды өндіруге де қолдау көрсетіледі.

Енді бір жағынан, бұл көмекпен Еуропалық Бейбітшілік қоры аясында Еуроодақтың Украинаға қосқан үлесі 5,6 миллиард еуроға дейін артады.

20 наурызда қабылданған шешім үш кезеңді қамтиды.



Ұқсас жаңалықтар