Сербияда тағы бір қарулы шабуыл жасалды

Сербиядағы шабуылдан 8 адам қаза тауып, 13 адам жараланған.

1982875
Сербияда тағы бір қарулы шабуыл жасалды

Сербияда бір мектепке жасалған  шабуылда 9 адам қаза тапқан. Ал кеше тағы бір қарулы шабуыл болды.

Ел астанасы Белградқа жақын орналасқан Младенвац қаласында 21 жастағы жігіт жүріп келе жатқан көліктен айналасындағы адамдарға оқ жаудырған.

Алдын ала мәлімет бойынша, шабуылдан 8 адам қаза тауып, 13 адам жараланған.

Шабуыл жасаушы сол көлікпен қашып кеткен. Аймаққа көптеген полиция тобы жөнелтілді.

Шабуылшыны табу үшін тікұшақтар мен ұшқышсыз әуе аппараттарын қамтитын операция басталды.

Сербия Ішкі істер министрі Братислав Гасич оқиғаны «террорлық оқиға» деп атады.

Жеке қарулану жиі кездесетін Сербияда сәрсенбі күні 13 жастағы шабуылшы мектепке шабуыл жасап, 8 оқушы мен бір күзетшіні өлтірді.



Ұқсас жаңалықтар