Ресей шабуылында жазықсыз азаматтар қаза тапты

Зеленский Хельсинкиде мәлімдеме жасады.

1982605
Ресей шабуылында жазықсыз азаматтар қаза тапты

Украина президенті Владимир Зеленский Херсон аймағына кешегі орыс шабуылында 21 адамның қаза тапқанын, 48 адамның жараланғанын білдірді.

Зеленский орыс армиясының Херсон аймағындағы вокзалға, үйлерге, құрылыс материалдары сататын дүкенге, бензин құю стансасына шабуыл жасағанын хабарлады. Шабуылдар нәтижесінде 21 адам қаза тапты. 48 адамның жараланғанын білдірген президент қаза тапқандардың барлығының жазықсыз қарапайым азаматтар екенін атап көрсетті.

Зеленский Ресей президенті Путиннің резиденциясына шабуыл туралы «Путинге шабуылдамадық,  оны біз сотқа қалдырдық» деді.

Владимир Зеленский Хельсинкиде саммиттен кейін Ресейге халықаралық құқық тарапынан мойындалған ел территориясына құрмет көрсетуді үйрету керектігін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар