Суданда атысты тоқтатуға келісім жасалды

Атысты тоқтату келісімі 4 мамыр бейсенбі күні түнде басталып, 11 мамырда аяқталады.

1981956
Суданда атысты тоқтатуға келісім жасалды

Судан армиясы мен Жедел қолдау күштері қолбасшылары 7 күндік атысты тоқтату туралы «принципте» келісімге келді.

Оңтүстік Судан Сыртқы істер министрлігі Судан армиясының қолбасшысы генерал Абдулфеттах әл-Бурхан мен ЖҚК қолбасшысы Мұхаммед Хамдан Дагалудың 4 мамырда басталатын 7 күндік атысты тоқтату туралы «принципте» келіскенін жариялады.

Министрлік жасаған мәлімдемеде Оңтүстік Судан президенті Салва Киир Майардиттің өтініші бойынша Судандағы тараптардың «атысты тоқтату туралы келісімге келгені» айтылды. Атысты тоқтату келісімі 4 мамыр бейсенбі күні түнде басталып, 11 мамырда аяқталады.

Хабарланғандай, Оңтүстік Судан президенті Майардит Судандағы қақтығыс тараптарынан бейбіт келіссөздерді тезірек бастауды сұрады. Майардит кеше Бурхан және Дагалумен телефон арқылы сөйлескен кезде ұзақ мерзімді атысты тоқтатуды қамтамасыз ету үшін бейбіт келіссөздердің қай жерде жүргізілетінін белгілеулері керектігін айтты.

Оңтүстік Суданның Судандағы дағдарысты шешу әрекеті Мысыр, Уганда, Кения, Канада және Ұлыбританияның ресми тұлғалары бар бірқатар халықаралық серіктестермен көптеген байланыстардан кейін жасалғаны атап өтілді. Оңтүстік Судан мен халықаралық серіктестер арасында өткен кездесулерде судандықтарға гуманитарлық көмек жеткізу, сондай-ақ шетелдік азаматтарды эвакуациялау мәселесі де сөз болғаны хабарланды.

Судан Денсаулық сақтау министрлігі армия мен ЖҚК арасында 15 сәуір күні басталған қақтығыста қаза тапқандар санының 550-ге, жараланғандар санының 4926-ға жеткенін жариялады.



Ұқсас жаңалықтар