Байденді демократтардың 47 пайызы қолдайды

Демократияшыл сайлаушылардың тек 47 пайызы ғана Байденнің президенттікке қайта түсуін қалайтындарын білдірген.

1978357
Байденді демократтардың 47 пайызы қолдайды

АҚШ-тағы демократтардың 50 пайыздан азы президент Джо Байден екінші мерзімге сайлануы керек деп санайды.

"Associated Press" агенттігі 13 сәуір мен 17 сәуір аралығында 1230 адам арасында жүргізген сауалнама нәтижелерін жариялады.

Демократия сайлаушылардың тек 47 пайызы ғана Байденнің президенттікке қайта түсуін қалайтындарын білдірген. Бұл сан жас демографиялық топтар арасында өте төмен.

Байденге 45 жасқа дейінгі демократтардың 25 пайызы ғана қолдау берген.

Зерттеуге қарағанда демократтардың 78 пайызы президенттің қызметін құптайды, ал бұл көрсеткіш қарапайым халық арасында небәрі 42 пайызды құрайды.

Сауалнамаға негізделгенде американдықтардың 56 пайызы жалпы сайлауда Байденді қолдауы екіталай екенін айтса, тек 26 пайызы қазіргі президенттің екінші мерзімге сайланғанын қалайды.

Ақ Үйдің дәрігері Кевин О'Коннор ақпан айында бірқатар медициналық сынақтардан кейін Байденді «қызметке жарамды» деп жариялады.

Егер ол өзінің президентке үміткерлігін ресми түрде жарияласа, Байденнің 2024 жылы республикашыл Дональд Трамппен қайтадан бәсекеге түсуі межеленуде.



Ұқсас жаңалықтар