Песков НАТО-ны сынға алды

Дмитрий Песков НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенбергтің Украинаның НАТО мүшелігін қолдайтын мәлімдемелеріне баға берді.

1977962
Песков НАТО-ны сынға алды

Ресей Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков НАТО-ның Украинаны қосып алу бағытын жалғастыратынын айтты.

Ел астанасы Мәскеуде журналистерге сұхбат берген Песков НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенбергтің Украинаның НАТО мүшелігін қолдайтын мәлімдемелеріне баға берді.

НАТО-ның шабуылшы бейнесін көрсетуді жалғастырғанын айтқан Песков:

"НАТО Украинаны қосып алу және оны одаққа тарту бағытын жалғастыруда. Бұл президент Владимир Путиннің Ресей Федерациясының мүдделері мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігіне сай Украина арнайы әскери операцияны жасау шешімінің дұрыс екенін тағы бір мәрте көрсетті. Біз елімізді жау санайтын және еліміздің қауіпсіздігін бұзуғаталпынған шабуылшы одақпен бетпе-бет келіп отырмыз» деп көрсетті.

Батыстың Ресейге қарсы санкцияларына тоқталған Песков бұл санкциялардың әлем экономикасына зиянын тигізетініне тоқталып:

«Бұл тек жаһандық экономикалық дағдарысқа жетелейтін жағдайға әкелуі мүмкін» деді.

Дмитрий Песков санкцияларға қарамастан дамуды жалғастырып жатқандарын және қауіптерді ескере отырып, ұзақ мерзімді жоспарлар жасағандарын атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар