Кубада Мигель Диас-Канель қайтадан президент болды

Мигель Диас-Канель парламент депутаттарының 97.66 пайызының қолдауымен қайта сайланды.

1977639
Кубада Мигель Диас-Канель қайтадан президент болды

Кубада президент Мигель Диас-Канель парламент депутаттарының 97.66 пайызының қолдауымен қайта сайланды.

Ұлттық Сайлау кеңесі жасаған мәлімдемеде Ұлттық Халық билігі жиналысында өткен сессияда 462 депутаттың 459-ы Диас-Канельді қолдап, 62 жастағы Диас-Канельдің елде 2028 жылға дейін мемлекет басшысы болуға лайық екені білдіріліп, 97.66 пайыздық дауыспен жеңіске жеткені жарияланды.

Президенттің орынбасары Сальвадор Вальдес Меса 462 депутаттың 439-ының қолдауымен Президенттің орынбасары болып қайта сайланды.

Көпшілігі ел Ата заңында «мемлекет пен ұлттан үстем» деп белгіленген Куба Коммунистік партиясының мүшелерінен тұратын Ұлттық Халық билігі заң шығарушы органдармен қатар, жоғары лауазымды тұлғаларды да сайлау құқығына ие. 

Көп партиялы саяси жүйелерге қарамастан Кубадағы заң шығарушы органға кіруге үміткерлердің көпшілігі Куба Коммунистік партиясының мүшелері.

Кубада Ата заңынға өзгерістер енгізілгеннен 43 жыл кейін 2019 жылы 11 қазанда Куба Мемлекеттік кеңесі мен Министрлер кеңесінің төрағасы Диас-Канель президент болып сайланды.



Ұқсас жаңалықтар