Халқы ең көп қала-Мельбурн

Мельбурн халқы санының 4 миллион 875 мың 400-ге көбейгені және Сиднейден 18 мың 700 адам артық болғаны хабарланды.

1975928
Халқы ең көп қала-Мельбурн

Австралияның халық саны ең көп қаласы Мельбурн Сиднейдің орнын иеледі.

"BBC" хабарына қарағанда соңғы деректер 2021 жылдың маусым айындағы жағдай бойынша Мельбурн халқы санының 4 миллион 875 мың 400-ге көбейгені және Сиднейден 18 мың 700 адам артық болғанын көрсетті.

Австралия Статистика бюросының қызметкері Эндрю Хоуэр Мельбурн халқының санының артуы қала шекарасының Мелтон қаласын қамту арқылы кеңеюімен байланысты екенін айтты.

Сарапшылар Сиднейде халық санының өсуі бәсеңдегенін және соңғы жылдары адамдардың қаланы тастап, елдің басқа аймақтарына қоныс аударғанын білдіруде.

Мельбурн 19-шы  ғасырдың аяғында Виктория штатына иммигранттар ағынынан өз үлесін алған және 1905 жылға дейін елдің жансаны ең көп қаласына айнаған.



Ұқсас жаңалықтар