Норвегия 15 ресейлік дипломатты елден шығару туралы шешім қабылдады

Норвегия өткен жылы тағы дипломат дағдарысы орын алып, 3 орыс дипломат елден шығарған болатын.

1974897
Норвегия 15 ресейлік дипломатты елден шығару туралы шешім қабылдады

Осло әкімшілігі Ресейдің Норвегиядағы елшілігінде қызмет еткен 15 дипломатты «тыңшылық жасады» деген күдікпен елден шығаруға шешім қабылдағанын жариялады.

Сыртқы істер министрі Анникен Хуйтфельдт жасаған мәлімдемеде бұл шешімнің «Ресей барлау қызметінің Норвегиядағы ықпалын азайту және оған қарсы күресу арқылы ұлттық мүдделерді қамтамасыз ету үшін маңызды шара» деп мәлімдеді.

«Persona non grata» деп жарияланған 15 ресейлік дипломаттың мүмкіндігінше тез арада елден кетуі керектігін баса айтқан Хуйтфельдт «Норвегияға виза сұраған барлау қызметкерлеріне виза бермейміз» деді.

Хуйтфельдт үкіметтің аталмыш шешімді белгілі бір оқиғаға байланысты қабылдап қабылдамағаны туралы толық мәлімет бермей, елдің Ішкі барлау қызметі «PST»-тің осы тақырыпта тиісті мәлімдемені жасайтынын тілге тиек етті.

Депортацияланған дипломаттардың қызметінің «дипломатиялық мәртебемен сәйкес келмегені» атап айтқан Хуйтфельдт «Қарапайым дипломаттарды емес, дипломатиялық деген атты жамылып әрекет ететін барлау қызметкерлерін айтып отырмыз» деді.

Екінші жағынан Ресейдің Норвегиядағы елшілігі бұл шешімді «өте дұшпандық қадам» деп сипаттап, «қарсы шара» қолданатындарын атап көрсетті.

Министр Хуйтфельдт қайтарылған наразылық жауабына қарсы мәлімдеме жасап, «Ресейдің жауап қайтаруға ешбір себебі жоқ. Ресейде норвегиялық дипломаттарымыз бар, бірақ олардың ешқайсысы барлау қызметкері емес» деді.

Елінің Ресеймен қалыпты дипломатиялық қарым-қатынас орнатқысы келетінін білдірген Хуйтфельдт «Дипломатпын деген, бірақ шын мәнінде барлау қызметкері адамдарды қаламаймыз» деді.

Норвегия өткен жылы үш ресейлік дипломатты барлау қызметкері деген айыппен елден шығарған болатын.



Ұқсас жаңалықтар